$ 487.17 € 565.65 ₽ 6.72

Ақтауда гүлді тегін таратқан кәсіпкерге айыппұл салынды

Редакция
17 июня 2026, 16:19
Ақтауда гүлді тегін таратқан кәсіпкерге айыппұл салынды Автор фото: Unsplash

Ақтауда кәсіпкердің Каспий теңізі жағалауында ұйымдастырған тегін гүл тарату акциясы заң талаптарын бұзғаны үшін айыппұл салумен аяқталды.

Ақтау қаласы әкімдігінің мәліметінше, 13 маусым күні кәсіпкер Каспий теңізі жағалауында тиісті мемлекеттік органдардың келісімінсіз тегін гүл тарату акциясын ұйымдастырған. Оқиғадан кейін оған заң талаптары түсіндіріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Әкімдік өкілдері қоғамдық орындарда кез келген жарнамалық іс-шараларды, промоакцияларды, сондай-ақ гүл, киім-кешек немесе азық-түлікті тегін тарату шараларын өткізу үшін алдын ала уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу қажет екенін ескертті.

Заң талаптарын сақтамаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Последние новости