$ 440.86 € 500.77 ₽ 5.27

Жаңбыр мен қатты жел: 1 қазанда Қазақстанда күн райы қандай болады

Абдрахманов Мағжан
01 қазан 2026, 08:51
Жаңбыр мен қатты жел: 1 қазанда Қазақстанда күн райы қандай болады Сурет авторы: spletnik

Қазгидрометтің болжамынша, 1 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауып, жел күшейеді. Батыс пен шығыстың бірқатар аумағында жауын-шашын болмайды. Солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыста тұман түсуі мүмкін. 

Астана: күндіз +16…+18°C, жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–18 м/с-қа жетеді. 

Алматы: күндіз +24…+26°C. Кешке өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. 

Шымкент: күндіз +18…+20°C, кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Жел екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. 

Өңірлерде жағдай әркелкі. Солтүстік, орталық және шығыста күндіз негізінен +13…+23°C болады, кей жерде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +20…+25°C шамасында, жаңбыр жауатын аумақтар бар. Батыста күн суытып, алдағы күндері түнде -1…-6°C-қа дейін төмендеуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар