$ 441.88 € 503.61 ₽ 5.24

Үсік, жаңбыр және найзағай: 26 қыркүйекте Қазақстанда күн райы қандай болады

Абдрахманов Мағжан
26 қыркүйек 2026, 07:20
Үсік, жаңбыр және найзағай: 26 қыркүйекте Қазақстанда күн райы қандай болады Сурет авторы: Liter.kz

26 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік-батыс антициклонының ықпалымен күн салқындайды. Шығыс, орталық, оңтүстік және оңтүстік-шығыста жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Солтүстік пен шығыста түнде 1–3 градус үсік күтіледі, деп хабарлады Қазгидромет. 

Астана: түнде +4…+6 градус, жаңбыр жауады. Күндіз +11…+13 градус, жауын-шашынсыз. Жел екпіні секундына 15–20 метрге жетуі мүмкін. 

Алматы: жауын-шашынсыз. Түнде +12…+14, күндіз +22…+24 градус. Жел секундына 3–8 метр. 

Шымкент: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +12…+14, күндіз +23…+25 градус. Жел екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. 

Солтүстік: күн салқындайды, кей жерлерде түнде 1–2 градус үсік болуы мүмкін. Тұман түсіп, жел күшейеді. Күндізгі температура негізінен +10…+17 градус шамасында. 

Оңтүстік: кей өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз негізінен +20…+25 градус. Кей жерде шаңды дауыл мен екпінді жел болжанады. 

Орталық: атмосфералық ағындардың әсерінен жаңбыр мен найзағай болуы ықтимал. Жел күшейеді. Ал 27–28 қыркүйекке қараған түндері кей жерлерде үсік күтіледі. 

Шығыс: жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Түнде кей жерлерде 1–3 градус үсік болады. 

Батыс: негізінен жауын-шашынсыз. Күндіз ауа температурасы +20…+28 градус шамасында болады. 

Алматы облысының таулы аймақтарында түнде жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін. Елдің бірқатар өңірінде түнде және таңертең тұман болжанады. 

Соңғы жаңалықтар