$ 532.74 € 617.23 ₽ 6.77

Мамыр айының басында елдің бірқатар өңірінде күн күрт суытады

Редакция
28 сәуір 2025 03:09 1233
Мамыр айының басында елдің бірқатар өңірінде күн күрт суытады Сурет авторы: ашық дереккөзден

"Қазгидромет" мамандары сәуір айының соңғы күндері мен мамырдың басында елдің бірқатар өңірінде күн суитынын ескертті.

Метеорологтардың мәліметінше, 29 сәуір мен 1 мамыр аралығында Қазақстан аумағына жаңбыр мен найзағай әкелген циклон ел аумағынан жылдам шығып кетеді. Оның орнына батыстан антициклон келіп, жауын-шашынның тоқтауына және ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне себеп болады. Алдымен батыс өңірде, кейін солтүстік пен шығыста суыту байқалады.

Атап айтқанда:

  • 29–30 сәуірде Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе және Қостанай облыстарында;

  • 30 сәуір – 1 мамыр аралығында Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ұлытау және Абай облыстарында
    түнгі уақытта ауа температурасы 0°C-тан төмен түсіп, үсік жүруі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар