$ 454.46 € 527.72 ₽ 5.25

Күздің басындағы аптап ыстық Қазақстанда қашанға дейін созылады

Редакция
09 қыркүйек 2026, 10:03
Күздің басындағы аптап ыстық Қазақстанда қашанға дейін созылады Сурет авторы: kazhydromet.kz

Қазақстанды бір мезетте әрі аптап ыстық, әрі жойқын дауыл шарпуда. Төтенше жағдайлар министрлігі 9 қыркүйекке арналған шұғыл ескерту жариялап, ел тұрғындарына сақ болуды ескертті. Елдің батыс өңірлері толассыз жауын-шашын мен суық ауа ағынының құрсауында қалса, қалған аймақтарда 30 градустан асатын аптап ыстық әлі де бет қайтарар емес.

Мегаполистерде де ауа райы айтарлықтай өзгешеленеді. Астанада күн ашық болып, термометр бағанасы күндіз +30…+32 градусты, ал түнде +14…+16 градусты көрсетеді. Алматыда да жауын-шашынсыз қолайлы ауа райы сақталып, күндіз +31…+33, түнде +15…+17 градус жылы болады деп күтілуде. Ал Шымкент тұрғындарын нағыз табиғат сынағы күтіп тұр: мұнда күндізгі ыстық +33…+35 градусқа дейін көтеріліп, арты өткінші жаңбырға, жасын ойнауына және секундына 15-20 метрге дейін жететін екпінді жел мен шаңды дауылға ұласады.

Табиғаттың мұндай күрт құбылуы мен штормдық ескертуге байланысты ма мамандар жолдардағы қозғалысты қиындап, қауіпті жағдайлар туындауы мүмкін екенін айтады. Сол себепті жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге барынша сақ болу ескертіледі.

Соңғы жаңалықтар