$ 469.93 € 541.64 ₽ 5.71

Елімізде күн 44 градусқа дейін ысиды

Абдрахманов Мағжан
10 тамыз 2026, 11:19
Елімізде күн 44 градусқа дейін ысиды Сурет авторы: istock

Қазақстанда 11–13 тамыз аралығында күн 44 градусқа дейін ысиды, ал бірқатар өңірде найзағай ойнап, нөсер жауады. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.

Атмосфералық ауа ағындарының әсерінен елдің кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұршақ жауып, екпінді жел соғуы мүмкін. 11 тамызда солтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жаңбыр болжанып отыр.

Елдің орталығы мен оңтүстігінде негізінен жауын-шашын болмайды. Солтүстік-батыста, солтүстікте және шығыста түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Күндіз батыс пен орталықта ауа температурасы +27...+39, солтүстік-батыс пен солтүстікте +25...+35 градус болады. Шығыс пен оңтүстік-шығыста +30...+42 градусқа дейін көтеріледі.

Ең қатты ыстық оңтүстікте күтіледі. Бұл өңірлерде күндіз ауа температурасы +37...+44 градусқа дейін жетеді.

Соңғы жаңалықтар