$ 453.65 € 509.99 ₽ 5.31

Қар, көктайғақ және қатты жел: 6 қазанда күн райы қандай болады

Абдрахманов Мағжан
06 қазан 2026, 06:25
Қар, көктайғақ және қатты жел: 6 қазанда күн райы қандай болады Сурет авторы: Pixabay

6 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады. Циклон мен атмосфералық ағындардың әсерінен жаңбыр мен қар жауады. Елдің солтүстік-шығысы мен оңтүстік-шығысында жауын-шашын күшейеді. Солтүстікте жаяу бұрқасын, солтүстік-батыста, солтүстікте және шығыста көктайғақ күтіледі. 

Астана: күн ала бұлтты, мезгіл-мезгіл жаңбыр мен қар жауады. Түнде және күндіз +1…+3°C. Жел екпіні 15–20 м/с, түнде және таңертең кей уақытта 23–28 м/с-қа жетеді. 

Алматы: жауын-шашынсыз. Түнде +5…+7°C, күндіз +14…+16°C. Таулы аудандарда түнде және таңертең тұман түседі. 

Шымкент: жауын-шашынсыз. Түнде +3…+5°C, күндіз +15…+17°C. Түнде және таңертең тұман күтіледі. 

Өңірлерде жағдай әркелкі. Солтүстікте жаңбыр мен қар, көктайғақ, жаяу бұрқасын және қатты жел күтіледі. Шығыста жаңбыр қарға ұласып, желдің екпіні кей жерде 30 м/с-тан асуы мүмкін. Орталықта түнде 0…+7°C, күндіз +2…+15°C шамасында. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста күн біртіндеп жылынады, бірақ таулы аймақтарда жауын-шашын мен үсік қаупі бар. Батыста түнде тұман түсіп, кей өңірлерде өрт қаупі сақталады. 

Соңғы жаңалықтар