$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Еліміздің шығысында үсік жүріп, қар жаууы мүмкін

Редакция
02 қыркүйек 2024, 06:39
Еліміздің шығысында үсік жүріп, қар жаууы мүмкін Сурет авторы: unsplash

3-5 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз күн райы сақталады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Синоптиктердің болжауынша, республиканың бүкіл аумағында дерлік жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Еліміздің шығысында 3 қыркүйек түнде қар мен жаңбыр жаууы мүмкін. Тек Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде жауын-шашын жаумайды.

Сондай-ақ республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең солтүстік және шығыс облыстарда тұман болады, топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді.

Ауа температурасы республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында бірте-бірте +8+15°С, оңтүстігінде +20+28°С дейін төмендейді.

Соңғы жаңалықтар