$ 532.74 € 617.23 ₽ 6.77

Бүгін еліміздің бес облысында үсік жүреді

Редакция
27 мамыр 2024 03:28 1222
Бүгін еліміздің бес облысында үсік жүреді Сурет авторы: astanatv.kz

«Қазгидромет» РМК мамырдың 27-сіне арналған ауа райы болжамын жариялады.

Ведомство мәліметінше, циклон және онымен байланысты суық атмосфералық ағындар ҚР басым бөлігінің күн райына әсер етеді, соның салдарынан түнде жауын-шашын, шығыста қатты жаңбыр, қар жауады, елдің солтүстік-шығысында қатты жаңбыр өтеді. Елдің оңтүстігінде ғана антициклонның әсерінен күн ашық, жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша екпінді жел соғып, найзағай ойнайды, елдің солтүстігінде бұршақ жауады, орталығында дауыл тұрып, оңтүстік-шығыста түнде тұман түседі.

Түнде Ақмола, Қарағанды облыстарының батысында, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан облыстарының солтүстігінде, Түркістан облысының солтүстігінде топырақ бетінде, таулы аудандарында 1-2 градус үсікжүреді.

Қостанай облысының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, Қызылорда облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-батысында, Абай облысының орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының шығысында, Түркістан облысының шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Соңғы жаңалықтар