$ 532.74 € 617.23 ₽ 6.77

Биыл жаз жылдағыдан ыстық болады

Редакция
15 сәуір 2025 07:11 3577
Биыл жаз жылдағыдан ыстық болады Сурет авторы: depositphotos

Бұл туралы Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді. Ол облыс әкімдіктерін өртке қарсы дайындықты күшейтуге шақырды.

"Қагидрометтің» болжамы бойынша биыл жаз өткен жылдарға қарағанда ыстық болады. Осыған байланысты облыс әкімдіктері дала өртінің алдын алып, жою бағытында жан-жақты шаралар қабылдап, орман шаруашылықтарының күштері мен құралдарын толық дайындыққа келтіру қажет", — деді министр.

Сондай-ақ ол ведомствоның өрт сөндіру маусымына дайындық жұмыстарын жүргізіп жатқанын қосты.

"Министрлік өз кезегінде ведомстволық бағынысты ұйымдарды толық әзірлікке келтіру және мемлекеттік орман қоры аумағында ірі орман өрттерін болдырмау үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр", – деп түйіндеді Нысанбаев.

Соңғы жаңалықтар