$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Алдағы күндері күн суытады

Редакция
11 қыркүйек 2024, 09:41
Алдағы күндері күн суытады Сурет авторы: ашық дереккөзден

Алдағы үш күнде Қазақстанда күн суытады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

«Кең антициклон республика аумағының көп бөлігінде өз ықпалын сақтап, негізінен жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастырғанымен, солтүстіктен суық ағындар келе бастайды. Осыған байланысты ауа температурасының төмендеуі күтіледі», – делінген сәрсенбі күні таратылған 12-14 қыркүйекке арналған ауа райы болжамында.

Тек елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауып, түнгі уақытта қарға ұласуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар